Дәурен Айдарқұлов: Біз негізі солай келіскенбіз
«Кешьюдің» бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен Дәурен Айдарқұловтың айырылысқандығы жөнінде Ақботаның өзі инстаграмм парақшасында жариялаған болатын. Бұған әртүрлі көзқараста пікір білдірген желі қолданушылары, мұның қара пиар болуы мүмкін екендігін де жоққа шығармаған еді. Алайда, 31 арна телеарнасының жарияланымынан кейін желі қолданушыларының топшылаулары расқа айналғандай.
«Кешьюдің» бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен айырылысып кетті деген Дәурен Айдарқұлов кештердің біріне жалғыз өзі келді. Артынан қаншама сөз ерсе де міз бақпайды, деп хабарлайды 31 арна.
Бұл махаббаттың екі жаққа кетуінің рас, өтірігін Айдарқұловтың өзінен тілшілер сұрап көрді.
«Біз негізі солай келіскенбіз. Сол себепті, бұл сұраққа жауап бермесем бола ма?», — деп қысқа қайырды Дәурен.