Дәурен ҚУАТ: … жамандықты біз өзімізге өзіміз қылып жүрміз
Жемқорлықпен күрес демокартиясы дамыған, азаматтық қоғамы белсенді Батыс елдерінде де тоқтаусыз жүріп келеді. Жемқорлық – жегіқұрт. Біздегісі соның ең сұмдық түрі. Мемлекетіміздің өзіне кейде қаупін төндіріп кететін тажал. Коррупционерлерді шетінен ұстап қамау – коррупцияны жеңе алмайды. Қазақстандағы коррупцияға қарсы күрес коррупциялық күштердің өзара қырқысына айналып барады. Ендеше жүйе өзгеруі керек. Өзгерісті жүйеден ғана күтіп отырмай бұқара халық – біздің өзіміз де өзгеруіміз керек. Қазір Қазақстанда жемқор емес, ұры емес адам кемде-кем. Бәріміз де ұрымыз. Пиғылымыз жаман. Бір-бірімізге жақсылық ойлағымыз келмейді. Қолынан келгені қорғансыз бейшараға әлімжеттік жасап қалады. Еңбек етіп тер төгуден қашатын болдық. Алды- артымыз толы былық. Толған кедергі. Астанадағы ақжағалы алаяқтардың көлеңкесі – бізбіз. Қазаққа осының бәрін сырттан таңып отырған ешкім жоқ, жамандықты біз өзімізге өзіміз қылып жүрміз.
abai.kz