Деструктивті ағымдардың өз қатарларын көбейту жолындағы формалары мен әдіс-амалдары
Дәстүрлі емес батыстық және шығыстық діни ағымдардың жан-жақты дамытылған діни ағарту жолындағы практикасы зор дамыған. Қазіргі уақытта дінді саяси мақсатта пайдалану арқылы қарусыз елді жаулап алудан бастап, елді екіге, үшке немесе одан да көпке бөлудің түрлі бағдарламаларымен қандай да болмасын елдің әлеуметтік-экономикасын құлдыратуға болатындығы жасырын емес.
Олардың қай-қайсысы болса да бірінші кезекте өздерінің жолын насихаттайтын діни әдебиеттер мен техникалық құралдары, насихатшы кадрларын жібереді.
Дәстүрлі емес діндердің үгіт-насихат жұмыстарының бірқатар әдістер мен формаларын атап өткіміз келеді:
— дәстүрлі емес діні ағымдардың өз әдебиеттерін жариялауы және таратуы;
— дәстүрлі емес діни ағымдардың көпшілік және діни орындарда жүргізетін ауызша үгіт-насихаттары;
— дәстүрлі емес діни ағымдардың азаматтарды өз қатарына тарту үшін жүргізетін қайырылымдық жұмыстары;
— дәстүрлі емес діни ағымдардың өз мүшелерінің мүлкін, қаражатын діни ағымдардың мақсаты үшін жұмсауға көндіруі;
— дәстүрлі емес діни ағымдардың кітапханалар, асханалар, тіл үйрену орталықтары сияқты орындар ашуы;
— дәстүрлі емес діни ағымдардың жергілікті тұрғындардан өздеріне берілген кадрлар даярлау, оларды оқыту, тәрбиелеу;
— дәстүрлі емес діні ағымдардың әртүрлі интернет ресурстарды пайдалануы.
Осындай немесе осыған ұқсас үгіт-насихат жұмыстарды Ислам бағытындағы теріс ағымдар мен дәстүрлі емес христиандық бағытындағы діндер жүргізіп келеді.
Сондықтан дін ұстану барысына бірінші кезекте дәстүрлі дін өкілдеріне, яғни, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті мамандарына жүгінген жөн.