Дін атын жамылған лаңкестік ұйым

Әлемдік аренада ислам атын жамылып, террористік пен зорлық-зомбылық жасайтын, жүйесіз жаңа ұйымдар көптеп бас көтеруде. Соның ішінде, барлық әлем елдерінің тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіріп, үрей ұялатқан ДАИШ лаңкестік ұйымы.
2013 жылдан бастап «Әл-Каида» террористік тобының құрылымы ретінде көзге көрінген ДАИШ лаңкестік ұйымы 2014 жылдың маусымынан бастап Ирак және Сирия аумағында халифат құрылғанын жариялап, Абдалла Ибрагим әл-Самарийді (Әбу Бәкір әл-Багдади) өздеріне халиф етіп сайлады.
ДАИШ лаңкестік ұйымының негізгі мақсаты Таяу Шығыс елдерінің арасына іріткі салып, өз территорияларын мейлінше кеңейту. Лаңкестік ұйым «Халифат» құрамыз деген желеумен Ирак және Сирия елдеріне ойран салып, діни дүрдараздық тудырып, жазықсыз жандардың қанын төгуде. Қазіргі таңда ДАИШ – террорлық ұйымдардың ішіндегі ең қауіптісі. Бұл ұйым жаһандық желіні пайдаланып, өз құрамдарын әлемнің көптеген елдерінің жастарымен толықтыруды көздейді.
Жалпы, халифат орнату идеясы экстремистік топтардың арасында ғана емес, мұсылман елдерінде астыртын әрекет ететін ұйымдар арасында да белсенді насихатқа ие екені анық. Мәселен, Ауғанстан мен Өзбекстанның терроршыл топтары бұрыннан-ақ Орталық Азияда халифат орнату идеясын жүргізген. Сондықтан да, ДАИШ өз қатарын толықтыру үшін көп қиналмайтыны анық байқалады. Оның үстіне, Ирак пен Сириядағы терроршыл топтар «Талибан», «Өзбекстанның ислам қозғалысы», «Боко харам» тәрізді лаңкестік ұйымдармен бірлесе қимылдауда.
Елімізде бұл ұйымдардың іс-әрекеті экстремистік деп танылып, сот шешімімен тиым салынған.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.