Діни экстремизмге қарсы шаралар

Елімізде жұмысын жасырын жүргізіп келе жатқан деструктивті діни ағымдар мен секталар жоқ емес. Солардың қатарында ата-дәстүрімізбен, әдеп-ғұрыптарымызға тікелей қарсы бағытта әрекет етіп жүргендері де баршылық. Қандай да болмасын теріс діни ағымдағы секталарда отбасынан бірінші кезекте ұлттың болмысына, оның ішкі саяси тұрақтылығы мен күнделікті қалыптасқан өміріне өзгерістер енгізу, отбасыдағы агрессия, ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланылады. Негізінен бұндай деструктивті іс-әрекеттерге жастар бой ұрып қалуы ғажап емес. Сондықтан мемлекет тарапынан халықтың арасындағы деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы шаралар жүргізілетіні анық.
Ғылым мен білім дамыған елімізде басты қауіп — діни әдебиеттер мен ғаламтордағы астыртын ашылған сайттардан келмек, бұған тыйым болмай, діни экстремизмнің алдын алу мүмкіндігі төмендемейтіні белгілі. Қарсы шаралар ретінде халықты діни сауаттандыруға бағытталған әдебиеттер санын арттыру, ғаламторлардан жастарды қызықтыру арқылы дәстүрлі дін жолына бағыттайтын және деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерелейтін материалдар сайттарын ашу қажет.
Экстремизмге қарсы күрестің бірден — бір жолы – халыққа олар туралы өз уақытында шынайы мәліметті жеткізіп отыру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтседе жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар ету мақсатында ата-аналардың да күшін пайдалану жолдарын қарастырған жөн.
Ол үшін барлық мектептерде, оқу орындарында берілетін «Дінтану» сабағының сағаттарын көбейтумен қатар, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар тарапынан ата-аналарға, оқушыларға, студенттерге, дінге қызығушылығы артқан жеткіншектерге деген сияқты әрбір контингентке методикалық діни әдебиеттер дайындау, ғаламтордан арнайы сайттар ашу қажет деп есептеймін. Онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, отыру керек.
Қазіргі таңда елімізде пандемияға байланысты онлайн жүйесінде жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңде бұл бағыттағы жұмыстардың маңызы ерекше болмақ.
Өткені мен бүгінгіні таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті – дейтін болсақ, әрбір жастың бойына қандай да болмасын дестуктивті діни ағымның іс-әрекетіне қарсы иммунитет қалыптастыруымыз қажет.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.