Доллар бағамы тағы да төмендеді

QAZYGURT.KZ: Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 377,69 теңге болды.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,23 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 377,5 теңге, ал ең жоғарысы — 377,69  теңге болған. Сауда көлемі 38,311 млн долларға жетті. Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 377,92 теңгені, күндізгі сессияда 378,03 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 377,99 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі — 96,373 млн доллар. Еске сала кетейік, сейсенбі күні KASE-де АҚШ долларының бағамы 1,83 теңгеге — 379,75 теңгеден 377,92 теңгеге дейін төмендеген болатын.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.