Досының атын жамылып ақша сұраған азамат ұсталды
2021 жылдың 5 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 телефонына жергілікті жердің 32 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, «WhatsApp» интернет желісіне белгісіз азамат, дос қызының атынан хат жазып, 120.000 теңге қарызға сұрағандығын, содан ол 140.000 тенгені дос қызының банкомат картошкасына аударып жібергендігін, алайда кейін ол ұялы телефон өзін қара тізімге кіргізіп қойғанын, таныс қызына хабарласқан уақытта ол ешқандай ақша сұрамағандығын, белгісіз азамат оның атын жамылып таныстарынан ақша сұрап жатқандығы туралы көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 27 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде..