Дулат Исабеков, жазушы: Саналы ұрпақ қалыптастыру үшін сауатты оқулық керек

Былтыр Ұлттың қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бірақ біз осы кеңестің нақты қоғам үшін жасаған өзгерістерін байқай алмадық. Біз әлі ішкі реформаны жүйелей алмай отырмыз.  Біздегі реформаның  тек аты ғана бар. Кез келген салада маңдайшадағы атауды ғана өзгертіп, ішкі жағына мән бермейміз.

Біздегі білім саласына сауатты реформа керек. Тәуелсіздік алғалы бері, ең көп реформаға түскен саланың бірі осы білім саласы болды. Бірақ сол қырғын реформадан халыққа еш пайда болмады.  Біз жоғары оқу орнын да, орта мектептің білім саласын да Білім және ғылым министрлігі деп бір министрлікке жүктеп қойдық. Бұл – дұрыс емес. Негізінде, орта және арнаулы білімге арналған бөлек ведомоство болуы қажет. Сонда  сын көтермейтін оқулықтардың саны азаяр ма еді. Саналы ұрпақ қалыптастыру үшін сауатты оқулық керек. Сауатты ел болғымыз келсе, бұған қатты мән беру қажет. Бізде не көп, пайдасыз министрліктер өте көп. Қарақұрым министрліктерді, агенттіктерді қаптата бермей, пайдасы бар министрліктер ғана болуы керек. Мектепті Жоғары оқу орындарынан бөліп алып, «Орта және арнайы білім министрлігі» деп, жеке министрлік құрып берген жөн. Сонда бұл саладағы заңсыздық, білімсіздік, сауатсыздық саябырсиды.

zhasalash.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.