Е.САИРОВ, саясаттанушы: Аккаунттарын ашып алды да, үнсiз қалды

Барлығымыз өткен аптада, аяқастынан әлеуметтік желіде шенеуніктердің аккаунт ашу кезеңіне тап болдық. Шенеуніктің аккаунты екендігін бірден білуге болатын өз белгісі бар. Олар міндетті түрде галстук, костюм-шалбармен түседі, содан кейін, қабақтары түюлі немесе мүлдемге эмоция жоқ.

Еліміздің туы мен гербіне жабысып тұрады. Оның қандай мәні бар екендігін түсінбедік. Әлде, «елдегі билік үлкенді-кішілі, біздің қолда, билікті өлсек те бермейміз» деген сұс па,әлде әсіре- патриотизм бе, әзірше түсінбедік.

Әлеуметтік желі арқылы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қоймай, ауыл, аудан, облыстағы түйінді проблемалар жөнінде елдің тамырын басып отыруға болады.

Аккаунттарын ашып алды да, үнсіз қалды.

Alashainasy.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.