Екі шымкенттік «синтетиканы» тасымалдау үстінде ұсталды

Есірткі жеткізушілердің автокөлігінен полиция қызметкерлері 2 кг «скорость» кристал сынды есірткі затын тапты.

Toyota Camry көлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерімен Шымкент-Ташкент тас жолында жедел іс-шараларды өткізу барысында тоқтатылды. 

24 жастағы жүргізуші мен 22 жасар жолаушы Алматы, Қарағанды облыстары мен Шымкенттің аумағында синтетикалық есірткілерлі тасымалдаумен айналысқан. Бұл жұмысты жігіттер ғаламтор-мессенджерлердің бірінен тауып, есірткі тығылған жасырын жерлердің координаттары мен тапсырмаларды хабарлама арқылы алып отырған.

Көрсетілген жайт Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді.

Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.