Экология туралы қызықты деректер
* Көне грек тілінен аударғанда «экология» сөзі «үй» немесе «мүлік» деген мағына береді.
* Швеция – өз еліндегі қоқыстарды өңдеуді 100 пайыз орындап отырған ел. Қазір ол басқа елдердің де қоқыстарын сатып алып, одан электр қуатын өндіруде. Соның есебінен мұндағы электр қуатының бағасы өте арзан.
* Бүгінде орташа статистикалық автокөлік әрбір 35 шақырым сайын 0,5 келіден астам зиянды қалдық шығарады. Ал 50 жыл бұрын көліктің қоршаған ортаға келтіретін зияны қазіргіден шамамен 25 есе жоғары болған.
* 4 литр көлік майы 4 миллион литр таза ауызсуды ластай алады.
* Темір өндірісі – ауаға шығатын барлық көмірқышқыл газының 6%-ының көзі болып табылады.
* Жер бетіндегі оттегі қорының бестен бір бөлігінен астамын бір ғана Амазонканың ылғалды ормандары өндіреді.
* Ең таза ауа Австралияның іргесіндегі Тасмания аралдарында.
* Калифорниядағы жағажай күнделікті тазартылатын ең таза демалыс аймағының бірі саналады. Соның өзінде бір күнде 330 мыңнан астам темекі тұқылы жиналған.
* Каирдегі ауаның ластығы соншалық, онда бір күніңді ашық аспан астында өткізу бір қорап темекі шегумен бірдей.
* Бір ғана АҚШ-тың өзінде бір сағатта екі миллионнан астам пластик құты тасталады. Ал тәулігіне қайта өңделетіні – небәрі 230-270 мың құты ғана.
* Тәжірибе көрсеткендей, қала аумақтарында жасыл желекті көбейту қылмыстылықты азайтады екен.