ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басты назарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және оның салдарын жою болып табылады.
Ағымдағы жылдың 7 айында Департаментпен қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi 131 ұсыным әр түрлі құзырлы органдарға жолданған.
Атап айтқанда: 57-і әкімшілік және оның құрылымыдық бөлімдеріне, ішкі істер органдарына – 63, салық органдарына – 6, әділет органдары – 1, ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекемелерге – 2.
Сонымен қатар, Департамент басшысының мекеме ұжымдарымен кездесуі арқылы қаралған ұсынымдардың саны 46 (оның ішінде 26 БАҚ өкілдерінің қатысуымен).
Бұл кездесулердің нәтижесімен ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру көзделген.
Осы енгізілген ұсынымдар нәтижесімен 50 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (24-і әкімшілік және оның құрылымыдық бөлімдеріне, ішкі істер органдарына – 21, әділет органдары – 3, ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекемелерде – 1).
Айта кетсек, ел игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілетін болады.