Елдің ішін күңірентіп жіберген, ол да қазақтың бір баласы
М.Тайжан, саясаткер:
Мен Министрді кофе ішуге шақырған жоқпын!
Үкімет мүшесі өз реформаларын жария түрде дәлелдеуге дайын болуы міндетті. Егер оған дайын емес болса, ол реформа ешқандай сынға жарамайды деген сөз. Сағадиевтің дебаттан қашатынын мен кеше-ақ белгенмін. Демек, ол өзінің абсурдты реформаларын қорғай алмайды.
Мен министрден не түрлі жауап күткеніммен, «Маған қызық емес» деген жауап аламын деп ойламаппын.
Қызық емесі қалай? Мен оны кофе ішуге шақырып отырғаным жоқ. Бұл тақырып оған қызық емес болса, бізге қызық. Бұл біздің балаларымызға жасалып отырған тәжірбие. Былтырғы жылғы митингтер де сол талқыланбай жасалған істің ақыры еді.
Енді Білім саласындағы реформаны талқылағысы келмейді екен.
Бізді жабайы «нацпат» қылып көрсеткісі келеді. Біз ашық демократиялық процедураларға, дебаттарға дайынбыз. Ал «ағылшын тілді» дамып кеткен министрлер талқылаудан қашады. Сонда кім либерал, ал кім ретроград?
А.САРЫМ, саясаткер:
Сағадиев кім: ер ме әлде ез бе?
Менің ойымша, білім министрі Ерлан Сағадиевтің қоғам өкілдерімен кездесуден жалтаруы, ашық пікірталастан қорқып, оны «қызықсыз» деп табуы — өрескел қателік. Себебі оны дебатқа шақырып жатқан Мұхтар Тайжан, Бекболат Тілеухан сияқты азаматтар оған еріккеннен тиісіп жатқан жоқ. Ұлтымыздың болмысы мен болашағына алаңдағандықтан, Сағадиев жүргізіп жатқан реформаларды күдікті, ұлт үшін қауіпті деп тапқандықтан мәселе көтеріп отыр.
Министрдің «маған керегі жоқ», «маған қызықсыз» деуге еш қисын, еш себеп жоқ деп ойлаймын.
Оны дебатқа шақырып жатқандар оның жеке басына қатысты тиісіп жатқан жоқ. Мемлекеттік саясатқа қатысты аса күрделі, маңызды сұрақтарды қойып отыр. Сол сұрақтарға жауап беру, қоғам арасындағы күдікті сейілту — министрдің міндеті мен парызы.
Сағадиев — құдай емес, пайғамбардың үмбеті де емес. Қарапайым ғана, етпен-сүйектен жаралған адам, ел азаматы. Оның министр болуы оған жауапкершіліктен басқа ештеңе жүктеп жатқан жоқ.
Сағадиев кім: ер ме әлде ез бе? Жігіт пе әлде мігіт пе? Осы сұраққа жауап оның дебатқа шығу-шықпауына тікелей байланысты деп санаймын.
Абай кз
Т.ҚҰРМЕТХАН, қаламгер:
Сағадиев елбасының тапсырмасына қарсы ма?
Біздегі басы даудан арылмайтын екі министр болса, соның бірі — Білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Ол аталған ведомствоға басшы болып тағайындалғалы бері қоғамың қарсылығына ұшыраумен келеді. Оның себебі: министрдің
ұлт болашағына жауапкершілігінің төмендігінен болса керекті. Бірақ, біздің министрді қоғамның пікірі қызықтырмайды да. Біздің пікірімізге қызықпайтын министр енді Елбасының сөзіне де қарсы келе бастаған сияқты..
Астанада жақында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өткені естеріңізде болар. Құрылтайда Елбасы шеттегі қазаққа деген ықылас-пейілін білдіріп, Қазақ елінен
білім алғысы келетін жастарға мүмкіндік жасауды айта келіп: «Сонымен қатар,
жастарға қолдау көрсету қажет. Үкіметке отандастарымыздың жоғары білім алуын
қолжетімді ету үшін оларға бөлінген квотаны 2 есе көбейтуді тапсырамын. Үкімет шетелдегі қандастарымыздың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек»,- деп үкіметке нақты тапсырма берген еді. Үкімет болса, Елбасы тапсырмасын құрылтай өткен залда қалдырып кеткен сияқты. Егер, Елбасының тапсырмасын орындаған болса, біздің жоғары оқу орындарымыз магистратура мен докторантураға үміткер қандастарымызды «Шетел азаматтарына грант жоқ» деп қайтармас еді.
Үкіметтің бір қаулысы екі университетте екі түрлі қабылдау. Шынын айтқанда, Қазақ ұлттық университеті ағайындық танытып отыр. Олар да қашанғы ағайындық таныта бермек. Ал Астанадағы агротехникалық университетте білім алғысы келген
жастарымыз осы бір қаулының кесірінен далада қалып отыр. Егер Білім жəне ғылым министрі Сағадиев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына қарсы шыққысы келмесе үкіметтің осы қаулысна өзгеріс енгізсін. Магистратура мен докторантурадабілім алғысы келетін шетел азаматы болып табылатын қандастарымызға кедергі жасамауы керек.
Үкіметке Бақытжан Сағынтаев келгенде де қазақ қоғамы қуанған еді. Ендеше,
Сағадиев саған айтам, Сағынтаев сен тыңда. Президенттің тапсырмасы мен қазақтың үмітін жерге таптамаңыздар.
Абай. кз
Ә.ҚОСАНОВ: саясаткер:
Одан еш жері қисайып кетпейді.
Өзі жүргізіп отырған саясатты мейлінше насихаттау, оның екіұшты тұстарын қалың
жұртшылыққа түсіндіру, керек болса, тиісті дəлелдерін келтіріп, өз сыншыларына лайықты тойтарыс беру – кез келген министрдің төл міндеті.
Халықтың салығының арқасында жалақы алып отырған шенділер ел алдында жүйелі түрде есеп беріп, жұртпен жүздесіп тұруы – заман талабы.
Дебат болса, сол міндетті ұтымды əрі тиімді атқарудың заманауи əрі танымал формасы. Одан қашудың керегі жоқ. Оның үстіне білім беру мен ғылым саласында қордаланып қалған проблемалар шаш етектен. Оны министр мырза білуі керек!
Əсіресе, мұғалімдердің мəртебесі, үш тұғырлы тілдің бір қайнауы ішіндегі концепциясы, нақты пəндерді оқыту, бастауыш кластардағы «Əліппе» пəндерді оқыту секілді мəселелер елді қатты толғандыруда.
Осы сауалдар төңірегінде министр күні-түні теледидардан түспей, жарғақ құлағы
жастыққа тимей, ақпараттық жұмыс жасауы тиіс емес пе?!
Біреуді ұнатар, біреуді жаратпас. Бірақ, жеке қарым-қатынас пен мемлекеттік міндетті шатастыруға болмайды. Нақты адамды ұнатпаса, басқа біреулермен
шықсын ашық дебатқа! Одан еш жері қисайып кетпейді. Керісінше, мемлекеттік
саясатты елге тағы да бір ұғындырар еді.
Нəтижесінде министрдің өз беделі ғана емес, жалпы шенеунік атаулыныңабыройы арта түсер еді.
Абай. кз