Елімізде бензин бағасын қасақана көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылуы мүмкін
Кәсіпкерлер бензин бағасын әдейі келісіп көтерген болуы мүмкін. Жанармайдың неліктен күрт қымбаттап кеткенін қазір монополияға қарсы қызмет дереу тексеруге кірісті, деп хабарлайды КТК арнасы.
Ал бағаның тексеруге де қарайтын түрі жоқ. Жұрт көп тұтынатын АИ-92-нің бағасы бүгін тағы екі-үш теңгеге өсіп, 147 теңгеге дейін сатылып жатыр. Егер бизнесмендердің бағаны негізсіз өсіргені анықталса, жаппай айыппұл салынбақ. Жалпы, биылдыққа бензин құнын келісіп көтерген 50-ге жуық жанармай бекетіне қатысты тергеу аяқталған. Оларға 600 миллион теңгенің айыппұлы салыныпты. Мұндай дерек бұл жолы да анықталса миллиондардың көлемі арта түсетіні анық. Құнның өсуін бұған дейін Энергетика министрлігі бензиннің тапшылығымен түсіндірген болатын.
Дереккөз: ktk.kz