Елімізде пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге үстемақы төленеді
Жуырда елімізде физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің жалақысына қосымша үстемақы қосылады деп хабарлайды 24.kz сілтеме жасап qazygurt.kz
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті директорының орынбасары З. Мақсұтова хабарлады. Оның айтуынша, үстемақының көлемі шамамен 35 мың теңге болады. Осы оқу жылының өзінде мыңнан астам мұғалім біліктіктілік курсынан өтті. Ағылшын тілін оқыту курстарының мерзімі 3 айдан 10 айға дейін. Жалпы 30 мыңға жуық мұғалімге ағылшын тілін меңгерту жоспарланып отыр. Айта кетейік, 2019-шы жылдан бастап елімізде үш тілді білім беру жүйесі енгізіледі. Бұл – «100 нақты қадам»: Ұлт жоспарының 79-шы қадамын жүзеге асыру. Онда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу туралы айтылған.
Дерексөздер: 24.kz