Елімізде салықтық несие институты енгізіледі
Елімізде салықтық несие институтын енгізу көзделіп отыр. Яғни жаңадан ашылған кәсіпорын аяғынан тік тұрып кеткенше салық төлемесе болады. Міндеттемелерді кейіннен өтеуге уақыт беріледі. Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары осылай деді. Руслан Дәленов ұлт жоспары аясында министрліктің атқарған жұмыстарын жіпке тізіп берді. Кеден және салық кодекстерінің жаңа жобасы әзірленгенін жеткізді.
Бұдан былай үйде отырып-ақ, ғаламтордың көмегімен кедендік декларацияны тапсырып, арнайы портал арқылы тиісті рәсімдерді жүргізуге болады. Ал кейбір операциялар адамның қатысуынсыз электронды түрде атқарылады. Бұл жемқорлықты болдырмауға септігін тигізеді.