Элизабет Тұрсынбаева қатысатын әлем чемпионатының жарыс кестесі
QAZYGURT.KZ: Бүгін Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан кезекті әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Дүбірлі додаға Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева қатысып жатыр. Әлем біріншілігінің жарыс кестесі назарларыңызға ұсынылады.
20 наурыз 07:30. Жұптық сын. Қысқа бағдарлама
12:05. Әйелдер. Қысқа бағдарлама
21 наурыз 07:30. Жұптық сын. Еркін бағдарлама
13:00. Ерлер. Қысқа бағдарлама
22 наурыз 09:00. Мұздағы би. Ритмикалық би.
14:30. Әйелдер. Еркін бағдарлама
23 наурыз 09:00. Мұздағы би. Еркін бағдарлама 14:30. Ерлер. Еркін бағдарлама
24 наурыз 12.00. Гала-концерт.
Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымда екі күміске қол жеткізді. Ол «Төрт құрлық турнирі» мен Универсиада ойындарында күміс жүлдегер атанды.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz