Ең ұзын әткеншек
Жапонияда ең ұзын әткеншек орнатылды. Шеңбер түрінде болаттан жасалған бұл әткеншекке бір мезетте 100 адам отыра алады. Китакюсю қаласында орнатылған әткеншек Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.
«Хибикинада» ойын-сауық орталығынан бой көтерген бұл нысанның құрылысына жергілікті билік $1 млн. доллар жұмсаған. Әткеншекке бірінші болып отыру құқығын балалар арнайы ойнатылған лотереядан ұтып алған. Айта кетейік, алдыңғы рекорд Нидерланды саябағындағы әткеншекке тиесілі болатын. Оның ұзындығы – 133 метр.