ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАНАШЫР АЗАМАТТАР ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен ұйымдастырылған шараға аудан әкімдіктерінің мен қалалық басқармалардың, жекеменшік ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысып, шаһардың тазалық жұмыстарына үлес қосты.
Мәселен, Еңбекші ауданында сенбілікке қатысушылар қоғамдық орындарды, көше бойларын, аялдамаларды, аулаларды, гүлзарлар мен саябақтарды қоқыстан тазалады. Арық-атыздардың іші тазаланып, ағын судың келуіне әзірленді. Ағаштардың жаз бойы қураған бұталары оталып, жасыл желек ретке келтірілді.
Осынау ауқымды жұмысқа «Еңбекші» КММ-інің 123 жұмысшысы, аудан әкімі аппаратының 70 қызметкері, «Группа Интеко» серіктестгігінің 250 жұмысшысы мен 23 техникасы, «Жасыл Ел» компаниясының 32 жұмысшы мен 4 техникасы қатысты.
Сонымен қатар Еңбекші ауданы тұрғындары мен кәсіпкердің арасынан табиғат пен қоршаған ортаға жанашыр 700 ынталы азамат сүйікті қаламыздың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.