Ерке Есмаханға жерлестері неге ренжулі?
Ақтөбеде дүркіреп өткен жерлестер форумына әлемнің 20 елінен 300-ден астам ақтөбелік келді. Алайда, Ақтөбеге жиі ат басын бұрын жүрген Ерке Есмахан бұл күндері біресе Оралда, біресе Шымкентте өнер көрсетті, деп хабарлайды tilshi.kz.
Ақтөбеден шыққан танымал әншілердің бірі Ерке Есмаханды жерлестері асыға күтті. Алайда, тыңдармандары сүйікті әншілерінің бір келіп, ең болмағанда соңғы хит әнін орындап кеткенде жақсы болар еді деген ойларын жасырмады.
Айта кету керек, Ерке Есмахан Жерлестер форумынан санаулы күн бұрын Ақтөбедегі Студенттер сарайында жас әнші Қуандық Рахыммен концерт беріп кеткен болатын. Кейін Оралдан бір шықты.
Инстаграмдағы соңғы посттарын Ырғыздан шыққан әнші Шымкент қаласының күндеріне арнап жүр.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде өткен жерлестер форумына Шанхайдағы үлкен жобаларды тастап, Димаш Құдайберген жеткен болатын. Ақтөбеліктер оны әуежайда 27 қыркүйекте күтті. Алайда, ол 28 қыркүйекте келді. Онда да, Алматы әуежайында фанаттарымен суретке түсемін деп жүріп, бір рейстен кешігіп, келесісімен жетті.
Орталық стадионда өткен гала-концертте Жанар Айжанова, Венера Алпысбаева, Мирас пен Құралай Бекжановтар, Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Нұрболат Абдуллин, Асхат Тарғын сынды сахна жұлдыздары өнер көрсетті.