Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады. Қайда?
Ақтөбеде өткен «Абай оқулары» байқауында қазылық еткен тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы Ерке Есмаханның «Қайда?» әнін сынап тастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
«Біздің қазақ сахна іздемеген, байқау іздемеген, өмірдің өзін байқау қылып өткізген. Отырыста «Анда барам жоқ, мұнда барам жоқ» деген өлең айтпаған», — деді экс-мәжілісмен.
Бүгінде тыңдарманның сүйіктісіне айналып, барлығы қосылып орындайтын Еркенің хит әні белгілі тіл жанашырының көңілінен шықпаған сыңайлы. Есесіне, жастарға қай ортада болмасын мәні мен мазмұны жоғары өлеңдерді кеңінен оқу керектігі туралы ақылын айтты.
Тіл жанашырының пайымынша, жастар Мұхтар Шаханов, Әбіш Кекілбаев секілді ел ақын-жазушыларын оқу керек.
«Қайда?» әні жөнінде ән сөзінің авторы Қайнар Алагөзов те пікірін білдірген болатын. Кезінде қомақты қаламақыға қызығып, арзан сөзге ерік берген Қайнар бүгінде «Қайда?» әнінің авторы деген атақтан қашқақтап жүргенін жасырмайды. Өйткені, ақын болашақ ұрпағының алдында арының таза болғанын қалайды.