СЕРТИФИКАТ АЛЫП ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНГЕН КҮН

2019 жылдың 11 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жанынан құрылған мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне салтанататты түрде сертификат табысталды.

Ерекше қуанышты күні бітіруші түлектерге сертификатты Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев және аталған оқу орынның ректоры Б.Абдрасилов арнайы құттықтап, сертификаттар табыстады. Бұл мектепке халықаралық оқу ордасының соңғы курсының үздік 20 студенті қазан айында іріктеліп, қабылданған болатын.

Тыңдаушыларға алғаш күннен бастап мемлекеттік қызмет саласы бойынша Департамент басшынынан бастап бірқатар қызметшілер дәрістер оқыды. Сонымен қатар, өңірімізге арнайы іссапармен келген Агенттік Төрағасының орынбасары А.Шайымова және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хаб комитетінің басқарма төрағасы Ә.Бәйменов студенттермен кездесулер өткізді.

Ал, белсенді студенттер осы жылдың 21 қаңтары мен 31 наурызы аралығында облыс әкімі аппараты мен Департаментте өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерін болашақ жоғары қабілетті мамандар екенін айқындады.

Елбасының 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялауына орай, студенттер тәжірибеден өткен санаулы уақытта Департаментпен ұйымдастырылған мәдени, рухани және шығармашылық шараларға белсенді қатысып, өздерінің мемлекеттік қызмет саласының бір бөлігі ретінде сезіне білді.

Жиын соңында жастар Мемлекеттік қызмет мектебінде алған білімі мен тәжрибесін әрі қарай қызмет бабында ұштастырып, қолданатындарын айтып, өз алғыстары мен қуанышты сезімдерімен бөлісті. Естелік фотосуреттерге түсті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.