ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР  Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы аймақтағы этно-мәдени орталық өкілдерімен кездесті.

Түркістан  гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен жиынға облыстық штаб басшысы Ұласбек Сәдібеков қатысып, «Nur Otan» партиясы атынан  ҚР  Президенттігіне ұсынылған Кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

  — Кандидатымыз тәжірибелі саясаткер және әлемдік деңгейдегі беделді дипломат. Ол еліміздің ішкі мәселелерімен бірге халықаралық жағдайды да жақсы біледі. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап халықаралық аренада Қазақстанның мүддесін қорғап, біздің дипломатиялық қызметімізді дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарды – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Сондай-ақ, ҚР Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы айқын басымдықтарды айтып өтті.

— Кандидатымыздың сайлауалды тұғырнамасы сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидаттарында құрылған – деген штаб басшысы көпшілікті 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына белсенділікпен қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

Кездесуде «Южный Казахстан», Түркістан облыстық Славян этномәдени орталығының төрайымы Марина Лиморенко, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы Хасан Бациев өзбек этномәдени орталығы жанындағы жастар қанатының төрағасы Алишер Сатывалдиев«Nur Otan» партиясының бастамасымен елдің дамуы жолында игілікті істердің жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Алдағы уақытта да көшбасшы партияның қолға алуымен көптеген игі істердің атқарылатындығына сенім білдіріп, ҚР Президенттігіне ұсынылған Кандидат Қ.К.Тоқаевқа дауыс беретіндігін айтты.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.