Фахриддин ҚАРАТАЕВ, Мәжіліс депутаты: … үлкен кедергілерге ұшырайды

Қазір бірнеше облыста тілдерді дамыту басқармалары өзге басқармаларға қосылып, тілдерді оқыту орталықтары жабылып, мемлекеттік емес секторға өтіп жатыр.

Мәселен, Ақмола мен Қызылорда облыстық тіл басқармалары ішкі саясат басқармасының құрамына кіріп кеткен. Нұр-Cұлтан қаласында тілдерді дамыту және архив басқармаларын қосып жіберген. Ал Павлодар мен Маңғыстау облыстарында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары құрылған.

Алматы қаласында басқарма мүлдем жойылып, қазіргі кезде қала әкімінің аппаратында бірнеше маман ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, Атырау мен Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында да тіл басқармалары мүлдем жоқ. Латын әліпбиi қазақ тілді ортаға енгізіледі десек, онда бұл өңірлерде тілдік реформаны жүргізу үлкен кедергілерге ұшырайды.Тіл саясаты мәселесінде бюджет қаражатын үнемдеу орынсыз.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.