Ғ.ЕСIМ, ф.ғ.д., профессор:  … сондай қиын болып отыр

Өзiнiң қазақ екенiн толық сезiне бiлген адамның бойында биiк парасат пайда болады, азаматтық борыш сезiмi пайда болады. Бiрақ, бiз қазақ бола алмай жатырмыз! Бiз «ана жақтың адамдары, ана рудың, ана жүздiң адамдары»  деймiз.

Бала өзiнiң руын емес, қазақ екенiн бiлiп, қазақ екенiне мақтанып өсуi шарт! Осы қарапайым ұғымды тұрмысымызға енгiзуiмiз сондай қиын болып отыр, мен сiзге айтайын, сондай қиын болып отыр! Соның салдарынан қазақтың жауы бүгiн қазақ болып отыр. Бүгiн бiздiң ең басты мәселемiз осы!

Ниет пен қабiлет Құдайдан, қалғаны өзiмiзден. Нәпсiңдi тыя бiлу, оны меңгере бiлу — мәдениетiмiздiң өлшемi. Коррупция, яғни сыбайлас жемқорлық дегенiмiз бұл –нәпсiнiң тойымсыздығы…

adebiportal.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.