ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ТАРИХЫ БАР БІЛІМ ОШАҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Бүгін Шымкент жоғары медициналық колледжінде референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасты. Бас қосуға ҚР парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Республикалық штаб мүшесі Ғ.Ташқараев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Б.Қыдырбаев, «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Есенбек және аталмыш білім ордасының ұстаздары қатысты.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж. Әлібекқызы, референдумға халық қатысу үшін, оларға үгіт-насихат жасаудың маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, сарапшылар қауымдастығы референдумда дауыс беруге шақыра отырып, халыққа бұл мүмкіндіктің не беретіні туралы ашып айту қажет. Сонда халық референдумға барады. Халыққа қарапайым және қол жетімді тілмен түсіндіру өте маңызды.

— «Бұл референдум азаматтардың мемлекеттік басқаруға неғұрлым кең қатысуын көздейтін, халықтың қолдауымен еліміздің жаңа саяси жүйеге көшуіне барынша ықпал етуге бағытталған шара. Сол себепті де бүкілхалықтық референдумға барша халық болып қатысуымыз керек» — деді халық қалаулысы Ғ.Әбдіғаниұлы.

Жиын соңында медициналық білім беретін мекеме қызметкерлері алдағы референдумға қатысатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.