Ғибратнама. Үш сүзгі
Бір жігіт ұстазына келіп:
— Ұстаз, мен сізге бір нәрсе айтқым келеді, — дейді.
— Тоқтай тұр, — дейді ұстазы. Айтар сөздеріңді алдымен үш сүзгіден өткізіп ал.
— Үш сүзгі?
— Иә. Ең бірінші – шындық сүзгісі. Маған айтқалы тұрғандарың шындық екеніне сенімдісің бе?
— Жоқ, өзгелерден естігенім…
— Жақсы. Яғни сен оның ақиқат екенін білмейсің. Екінші – жақсылықтың сүзгісі. Ол айтқың келгені жақсы нәрсе ме?
— Жоқ, керісінше…
— Сонда сен шындықты білмесең де жаман нәрсе айтпақсың. Ең соңғысы – игілік сүзгісі. Сенің айтқың келген нәрсеңнің маған, өзіңе пайдасы бар ма?
— Жоқ, жай, айтқым келіп…
— Сонымен, сенің маған айтқың келгеніңде шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ. Онда оны айтудың қажеті қанша?
«Мазхаб».