… «гүлденiп» тұрғанымыз жасырын емес
Д.Ысқақұлы , ф.ғ.д.,профессор:
Жақында Қытай да болдым. Оқу шылардың барлығы бір формада киінеді екен. Ол жақта жекеменшік мектеп, анау-мынау деген әңгіме мүлдем жоқ. Сырт мемлекеттерде шетел қазақтарымен көп кездесемін. Олар Қазақстанда орнығып кетудің қиындығын айтады. Өйткені, жемқорлық жайлаған, жұмыс істейін десең, пара бермесең жұмысың алға жүрмейді. Әрине, бізден өзге елдерде жемқорлық жоқ дес ек, болмас. Ал, қазақ жұртында бұл жағынан «гүлденіп»тұрғанымыз жасырын емес. Сондай «қомағfйлыққа» жол беріп отырған кімдер? Әрине, сол билік маңайында жүргендер ғой. Ел боламыз десек, заңды күшейту керек, әділеттілікті қолға алғанымыз жөн. Халықтың қазынасын жымқырып жатқандарды қалайда тоқтатуға күш салуымыз керек.
«ҚҮ»