Халифаға үш cұрақ
Алла Тағаладан шынайы қорыққан пенденің бірі Бахлул Дана бір күні Халифа Харун Рашидке:
– Уа, Халифа! Саған үш сұрағым бар, соған жауап берсеңіз. Біріншісі, жер бетіндегі ең көп не нәрсе?, Екіншісі, жер астындағы ең көп нәрсені айта аласың ба?, Үшіншісі, аспандағы ең көп не нәрсе? – деді.
Сонда Халифа Харун Рашид: — Жер бетіндегі ең көп тіршілік иелері, жер астында ең көп өлілер, ал аспандағы ең көп – қанаттылар, көбелектер, құстар, т.б.,- деп жауат берді. Сонда жауапқа қанағаттанбаған Бахлул Дана:
– Жо-жооқ, Халифа! Сіз көзге көрінетін жағын айттыңыз. Астарлы ақиқатын айтпадыңыз. Егер білмесеңіз ақиқатын айтайын, Жер бетіндегі ең көп, олар – ашкөздік, атаққұмарлық, қызғаныш, бір сөзбен айтқанда нәпсінің шексіз қалаулары. Жер астындағы ең көп нәрсе, ол – «Қап, әттеген-ай!» деген өкініштер. Ал аспандағы ең көп нәрсе – жеті қат көкке көтерілетін пенденің жақсы, салих амалдары, деп жауап берген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
Kazislam.kz