ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ МӘСЕЛЕНІ ОҢДЫ ШЕШУДЕ АТСАЛЫСАТЫНЫН ЖЕТКІЗДІ

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Жұлдыз» тұрғын алабындағы Дегерес көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің жағдайымен Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы,

Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев және «Жұлдыз» тұрғын алабының төбе биі Гүлпарка Иргебай танысып шықты.

Дегерес көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің пәтерлерінің тұрғындарының айтулары бойынша, барлық көп қабатты үйлерде кәріз жүйесінің жоқтығынан пәтер тұрғындары зардап шегуде екен. Әйтеуір, өздерінің жағдайларын жасау мақсатында әр үйдің пәтерлерінің тұрғындары үйдің ауласынан құдық тәрізді шұңқыр қазып, әр пәтерден құбыр шығарып сол шұңқырға төгуде екен. Әрине, пәтер тұрғындары өздерінің жағдайларын жасау үшін ешкімге қол жаймастан өлместің күнін кешуде екен.

Бұл дегеніміз, көп қабатты үйлердің айналасы санитарлық талаптарға сай келмейтіні және жаз айларында жағымсыз иістен зардап шегеді екен.

«Жұлдыз» тұрғын алабындағы Дегерес көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің пәтерлерінің тұрғындарының көтерген мәселелерін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы назарына алатынын және тікелей бақылауында ұстап, аталған мәселені оңды шешу мақсатында бар ықпалынды салатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.