Халықаралық терроризм

Зерттеушілердің пікірінше, «Халықаралық терроризм» — бұл «күштілердің» халықаралық террорына қарсы «әлсіздердің» жауапты реакциясы. Террор және терроризм – «айна тәріздес» құбылыс, бірі басқасын анықтайды. Террор бар жерде, әлбетте терроризм туындайды. Керісінше де солай.
«Халықаралық терроризм – бұл белгілі бір идеологиялық, діни, ұлттық, экономикалық, саяси немесе әлеуметтік нәтижелерді өздерінің пайдасына шешуге, бір немесе бірнеше мемлекеттердің өкілдерімен басқа немесе басқа мемлекеттерге қарсы, ең әуелі жекелеген тұлғаларды, адамдар тобын немесе барлық тұрғылықты халықтарды қорқыту мақсатында, мотивацияланған заңсыз жауапты зорлықты іс-әрекеттері (олардың ұйымы немесе оларға әрекеттесуі, сонымен қатар қаржылық немесе кадрлік қолдауы.
Бұл анықтама жалпы геосаяси тұрғыдан берілген. Сол себептен де халықаралық терроризм тек мемлекеттер арасында ғана болады деген түсінікті білдіреді. Сондықтан бұл анықтама осы күрделі құбылыстың құқықтық табиғатын еш ашпайды. Тек оның бір ғана қырын көрсетеді.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.