ХАЛЫҚҚА ӨЗГЕРІС КЕРЕК
Бүгінгі Референдум — өзгеріс пен жаңашылдықтың бастамасы. Қасым-Жомарт Тоқаев заң алдында бәрі тең болсын деп болашақ үшін өте маңызды қадам жасады.
Таңертең сағат 7:30-да өзім тіркелген учаскеме барып дауыс бердім. Одан кейін Шымкенттегі ірі сайлау учаскелері болып саналатын № 7, 101, 98, 231 бекеттерге бардым. Халық өте белсенді. Үлкендер де, жастардың да қарасы көп. Жалпы саяси трансформация барлық адамның мүддесі үшін қажет. Ал, адам өзінің заңда көрсетілген құқықтарын қалай пайдаланады, ол оның ынтасы мен белсенділігіне байланысты. Себебі референдум – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына да тікелей әсер ететін маңызды сәт.
Осындай жауапты кезеңде өз үлесімді қосып, «AMANAT» партиясы атынан өкілдік еткеніме қуаныштымын.
Дастан Баширов, «AMANAT» партиясының өкілі.