ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ – БҰЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
📆Шымкенттегі Орманшы тұрғын алабында инфрақұрылым мәселелері толығымен дерлік шешілген. Жергілікті тұрғындардардың көгілдір отын, су мен жарыққа шағымы жоқ. Балаларға арналған ойын алаңшалары да талапқа сай. Бүгін №74 жалпы орта білім беретін мектептің мәжіліс залында тұрғындарымен өткен кездесуде көпшіліктің пікірін жеткізген аймақ азаматтарының сөзінен байқау қиын емес. Орманшы тұрғындары «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева мен қалалық мәслихат депутаты, «Сайрам-Өркениет» БПҰ төрайымы Ж.Таңатарованы жылы қарсы алды. Жиында мемлекет басшысының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудан тұрғындарға кеңінен ақпарат берілді. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Әлібекқызы тұрғындарға жаңа экономикалық саясат, адам капиталын дамыту, саяси реформалардың бағыты туралы жан-жақты түсіндіріп берді.
📌 Қалалық мәслихат депутаты Ж.Нағашыбайқызы өз кезегінде Жолдаудың әлеуметтік саласына көбірек тоқталды. Бала күтіміндегі аналарға төленетін көмектің мерзімі ұзарғанын, шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді заңдастырудың тұрғындар үшін тиімді тұстарын, әйелдердің зейнетке шығу жасының қысқарғаны көптен көңілде жүрген мәселе екенін, енді солардың оң шешіліп жатқанын жеткізді. Жиын соңында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, Әділетті Қазақстанды құруға әркімнің өз үлесін қосуға шақырды. Партия өкілдері аудан тұрғындарының көкейдегі сауалдарына жауап берді.