ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халық колицияның Республикалық және Түркістан облыстық штабының мүшелері мен сенімді өкілдері Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасының ұжымымен кездесті. Жиында кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттап, ондағы басым бағыттар бойынша мәлімет берді. Атап айтқанда кітапханашылармен кездесуге республикалық қоғамдық штаб мүшелері Мағауия Тұрысбеков, Алмас Салимов, облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, Әбдірасұл Құрбаналиев, Ұлжалғас Мұстафаева, Инара Намазбаева, Түркістан қалалық штаб мүшелері Ғалымжан Бимурзаев және Еркінбай Шалтан қатысты.

Халықтық коалицияның Түркістан облыстық штабының төрағасы Бейсен Тәжібаев сайлау жүйесіндегі өзгерістерді баяндап, алдағы уақытта елімізде әлеуметтік саланың дамуына басымдық берілетіндігін жеткізді.

— Біз Әділетті Қазақстанда білім мен мәдениет құндылығы бірінші орында тұрады. Балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылданады. Мұның баршасы Ел Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарының бірі. Мемлекетте өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылатын болады, — деді, ол.

Ал, облыстық қоғамдық штаб өкілі, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Әбдірасұл Құрбаналиев:

— Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндіктер қарастырылады. Оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері жалпы 100 орталық бой көтереді. Әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатысуға мүмкіндік жасалады, — деді.

Кездесуде сенімді өкілдер И.Намазбаева, Ұ.Мұстафаева, Е.Шалтан сайлауалды бағдарламаға сәйкес жүзеге асатын жұмыстармен оның ішінде мәдениет саласына қатысты жобаларға база назар аударылатынын тарқатып айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес Мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыру тапсырылғандығы да сөз болды.

Б.Тәжібаев облыста 18 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Онда сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері қабылданып, республикалық қоғамдық штабқа жолданады. Осылайша кандидат сайлаулды бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Кездесу соңында сенімді өкілдер жауапты сәттен тыс қалмай, саяси науқанда азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспаөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.