И.СМИРНОВА, Мәжіліс депутаты: … мұғалiмнiң жалақысын көтермеу үшiн жасалып отырған сияқты
Мұғалімдерге жалақысын ұлғайтуға мүмкіндік беретін кезектен тыс аттестация өткізу жүйесінде кемшілік бар. 2018 жылы кезектен тыс аттестацияны түлектер емтихан тапсыратын күндері, яғни қарбалас сәтте өткізген. Биыл да дәл осындай жағдай қайталанғалы отыр. Аттестацияны қолайсыз уақытта өткізу бірден барлық мұғалімнің жалақысын көтермеу үшін жасалып отырған сияқты сезіледі. Тестілеу пунктіне таңғы сағат сегізде келуі керек болған. Яғни, ол мұғалім түнде немесе одан ертерек ауылдан шығуы керек деген сөз. Онсыз да жалақысы аз мұғалім жолға шығындалады. ҰБТ тапсыратын түлектер сияқты олар да металл іздегіш рамка мен комиссияның тексерісінен өткен. Мұғалім тым құрығанда елдегі орташа жалақыны да ала алмайды. Мектепке енді келген жас мұғалімнің лайықты жалақы алуы тіптен мүмкін емес. Аттестацияны өткізгеннен кейін де білім саласындағы жалақы елдегі ең төменгі еңбекақының қатарында қалып отыр. Тіпті жұмысқа енді кіріскен педагогтың, тәрбиеші мен оқытушының еңбекақысы елдегі орташа жалақыдан төмен болмауы тиіс. Мәселен, Сингапур мен Эстония елдері осы жолды ұстанған. Финляндия, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа да елдерде бұдан да жоғары.
sputniknews.kz