Індетті тоқтатудың бірден бір жолы – ол екпе

Коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылғы 1 ақпан айында басталды. Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені шығаратын ресейлік «Спутник V» вакцинациясы. Sputnik V — коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған әлемде тіркелген алғашқы вакцина. Ол Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Федорович Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығында (ҰЗО) жасалып шығарылған. Вакцина екі компонентті, ол адамның аденовирус векторы негізінде әзірленген.  Қазақстанда ресейлік вакцина Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде шығарылады. Қазақстандық вакцина QazCovid-in деп аталады. Бұл инактивті вакцина, ол 2020 жылдың мамыр айында жасалған.

КВИ-ға қарсы вакцинация жасауға коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары (басымдық бойынша) төмендегі адамдар жатады:

  • медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері;
  • мұғалімдер;
  • учаскелік полиция қызметкерлері;
  • студенттер;
  • медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті;
  • төтенше жағдайлар қызметінің, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының контингенті, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;
  • созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қан тамырлары жүйесі).

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 — 45 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.

Барлығымыз білуіміз керек: КВИ-ге қарсы вакциналау 18 жастан асқан адамдарға жүр­гізіледі, қазіргі уақытта балаларға вакцина салынбайды. Құрамында ұқсас компо­ненттері бар вакцинаның қан­дай да бір компонентіне аса жоға­ры сезімталдық өмірінде ауыр аллер­гиялық реакциялармен кездескен жағдайда; жүктілік және бала емізу кезеңі;

    Екпе уақытша кімге салынбайды:

  • КВИ-дің жедел және симптомсыз түрі бар адамдарға КВИ-ға қарсы вакцинация жасалмайды.
  • Жұқпалы ауруы бар науқаспен, соның ішінде КВИ-мен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін вакцинацияға жатады.
  • Вакцинация алдында КВИ-ге қарсы антиденелердің болуына скрининг жүргізілмейді (ИФА және ПТР зерттеулері).
  • Қалпына келтірілгеннен кейін 6 айдан кейін және вакцинация алдындағы жағдайды бағалауды ескерумен кез келген КВИ түрімен ауырған адамдарға вакцина егу ұсынылады.

Халықты вакцинациялау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде жүргізіледі. Арнайы контингентке вакцинация тиісті бөлімнің кезекші пунктінде жүргізіледі. Қосымша жылжымалы вакцинация пункттері немесе жылжымалы вакцинацияу топтары ұйымдастырылып барлық егу жұмыстары жасалынып жатыр.

Вакцинация ерікті түрде тек вакцина жасалатын адамның келісімі бойынша жүргізіледі. Егу жүргізер ал­дында температураны өлшеп, дәрігер міндетті түрде қарап тек­середі. Вакцина алған соң 30 минут бойы медициналық мекемеде, дәрігердің бақылауында болыңыз. Одан соң үш күн бойы тұрғылықты жеріңіздегі учаскелік дәрігерлердің бақылауында боласыз. Осы вакциналардың қандай жанама әсерлері бар?

Басқаларға қарағанда, қысқа мерзімді жалпы жанама әсерлер вакцинациядан туындауы мүмкін: қалтырау, қызба, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы бар қысқа мерзімді тұмауға ұқсас синдром.

Жергілікті реакциялар да пайда болуы мүмкін: инъекция орнында ауырсыну, гиперемия, ісіну.

Қазіргі уақытта вакцинацияның электрондық паспорты — профилактикалық екпелерді алғандығын куәландыратын құжат. Адам коронавирустық вакцинаны алғаннан кейін ол туралы мәліметтер eGov мобильді қосымшасында қол жетімді.

КВИ-ге қарсы вакцина ал­дын алу мақсатында салы­на­ды. Вакциналаудан өтудің не­гіз­гі екі себебі – өзіңізді және айна­ла­ңыз­дағы адамдарды қорғау. Вак­циналау адамның денсаулығы жақсы кезде ғана жүргізіледі, ауру­дың белгілері болған уақытта екпе салдырылмайды.Қазіргі таңда бұл қиындықтан арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын сақтайық және ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік !!!

А.У.Дербисова,

Қаратау ауданы СЭББ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.

 

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.