Исландия президенті ваннада құлап, мұрнын сындырып алды
Исландия президенті Гвюдни Йоуханнессон ваннада тайып құлап, мұрнын сындырып алды. Бұл туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды reactor.inform.kz сайты РИА Новости сілтеме жасап.
Президент маңдайымен құлап, мұрнын сындырып, ыстық ваннада есінен танып қалған. Оқиға болғаннан кейін, Йоуханнессонды ауруханаға апарған, ол жерде оған қажетті көмек көрсетілген. Ол қазір өзінің жақсы сезінетінін жазған.
«Жылы әрі ыңғайлы ванна, кеше тым ыстық болды», — деп жазды Президент оқиғаға қатысты.
Йоуханнессон 48 жасында 2016 жылдың 1 тамызынан бастап Исландия президенті болды. Ол ел тариындағы ең жас президент.