ISO 37001-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕНІМДІ КӨМЕКШІ

Парақорлық– әлемдегі ең жойқын және күрделі мәселелердің бірі. Жыл сайын 1 триллионнан астам АҚШ доллары пара түрінде беріледі, бұл апатты салдарға алып келеді, өмір сүру сапасының нашарлауына, кедейлер санының көбеюіне және қоғамдық сенімнің бұзылуына әкеледі.

Алайда, ұлттық және халықаралық деңгейде жасалған парақорлық айтарлықтай қауіп төндіреді. Осы фактіні назарға ала отырып, ИСО ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және кәсіпкерлік қызметтің этикалық мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа стандарт әзірледі.

Халықаралық ISO 37001 стандартын кез-келген үлкен немесе кіші ұйым, мейлі мемлекеттік, мейлі жеке немесе ерікті секторда болсын, кез-келген елде қолдана алады. Бұл – ұйымның мөлшері мен сипатына және ол кездестіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сәйкес бейімделетін икемді құрал.Стандарттың жалпы құрылымы ұйымда енгізілген басқа халықаралық стандарттармен, мысалы, ISO 9001 сериясымен біріктірілуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Стандартты енгізу кезінде ол жүзеге асырылатын елдің нормативтік-құқықтық базасын ескеру қажет. ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкес ұйым:

  1. Ұйымның сыбайлас жемқор-лыққа қарсы саясатын әзірлеу;
  2. Ұйымның әр қызметкерінің басқару процедураларын, міндеттемелері мен жауапкер-шіліктерін дамыту;
  3. Басқару процестерін, басқару және ұйым персоналын оқытуды дамыту;
  4. Ұйымның барлық қызметі үшін тәуекел факторларын және бақылау нүктелерін қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлық саласындағы тәуекелдерді бағалауды жүргізу;
  5. Ұйымның іскери серіктестері мен жобаларын тиісті түрде тексеру процестерін әзірлеу;
  6. Қаржылық, коммерциялық және келісімшарттық басқару органдарын басқару процестерін әзірлеу;
  7. Ұйымның барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының есеп беруін, мониторингін, зерттеуін және шолуын басқару процестерін әзірлеу;

Осылайша, бүкіл әлемдегі ұйымдар мен мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасы, бүкіл ел бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүйелі түрде жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасын алды. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосады.

 А.Отуншиева,

А.Тоқтабек,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Механика және мұнайгаз ісі» факультеті,

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының  магистр, аға оқытушылары.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.