Қ.ИСА: …қорғаныс министрiн ұйқыдан оята алмапты

«Бізде бәрі де бо­ла береді» деген ма­қалымды мақамдатып көп айтушы едім… Сол бекер болған сияқты… «Жындының сандырағы келеді» деген рас болды…
Арыстағы төрткүл дү­ниені дүр сілкіндірген төртінші жарылыстың дауысы басқа-басқа, осы апатқа тікелей жауапты Қорғаныс министрін ұйқыдан оята алмапты..
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев: «Арыс­тағы апат үшін Қорғаныс министрлігінің кешірім сұрауына негіз жоқ. Бұл қару-жарақтардың жа­рылуы табиғи құбылыс», -деп соғыпты.. Үш адам­ның өмірін қиған, жүздеген адам жараланған, Арыс қаласының үйлері қирап, адамдары түгел көшірілген алапат апатқа кешірім сұрамаған Қор­ғаныс министрі кімге керек? Өзге, өзін-өзі сыйлайтын дамыған елдерде мұндай оқиғаның жүзден бірі болғанның өзінде қорғаныс министрі өз еркімен отставкаға кетеді.
О заманда, бұ заман атамзаманнан Арыстың іргесінен аулаққа әкетілмей жатқан қоймалардағы әскери қару-жарақ әскерилердің жауапсыздығынан жарылып кеткен адам айтқысыз алапат апатты «табиғаттың ісі» деп Құдайға аудара салған министрді кім көрген?! Балаларын арқалап, қырға жалаңаяқ, жалаңбас жаяу қашқан аналар, әке-шешесінен айырылып қап шырылдаған балалар, жауып жатқан оқтан қашамын деп шаршап-шалдыққан шал-кемпірлердің күйзелісі мен үш адамның өлімі сонда қорғаныс министріне шыбын шаққан ғұрлы әсер етпей тұр ғой.

qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.