К.МҰСЫРМАН, Мәжіліс депутаты: Құны қалмаған “Құрметтi азамат” деген атақты…
Құны қалмаған “Құрметті азамат” деген атақты беруді тоқтату керек. Өйткені бұл атақтың құны түсіп кетті. “Жер сатушы” атанған әкім де, парақорлығының иісі мүңкіп тұрғаны үшін қызметінен түсірілген судья да, тіпті өңір басшысына “оңды” бата берген дарынсыз журналист те, облыс әкіміне кандидаттық диссертация жазып берген ғалым да “Құрметті азамат” атанғанын жұрт күлкі етіп айтып жүр. “Бір қызымнан бір қызым сорақы” дегендей, жуырда бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталып, түрмеде бірнеше жыл отырып шыққан шенеунікке де бір ауданның “Құрметті азаматы” атағы беріліпті деп естідім… Сондықтан осы, құны қалмаған атақты беруді тоқтатып, оның орнына ауданның не облыстың “Құрметті меценаты” немесе “Атымтай жомарты” деген жаңа атақ енгізсек қалай болады?
adyrna.kz