Қ.ШАМАХАЙҰЛЫ, ф.ғ.к: Бұл – қауiптi құбылыс
Дау-дамай тудыратын ұсақ-түйек ақпараттар интернет-сайттардың, кейбір газеттердің басты «азығына» айналды. Биліктің асырауындағы ақпарат құралдарының өзі соңғы жылдары әлем баспасөзінің жалпы стандарттарына сай келмейтін кәсіби қателіктерге де ұрынып жатыр. Субъективті қорытынды жасап, білгірсуге бейім тұрады;
Оқиғаны ойдан құраcтырмаса да, билікке жағу үшін шектен тыс мадақ айтып, көпе-көрінеу жағымпазданушылық басым болып барады;
Шынайы оқиғаны шала бейнелеу, өңін айналдырып жіберу немесе мүлде үнсіз қалушылық жиі кездеседі. Бүгінгі күні елде газет оқымайтын, теледидар көрмейтін, радио тыңдамайтындар етек алып барады.
Бұл – қауіпті құбылыс. «Жығылғанға жұдырық» демекші, ресми үкімет әлеметтік желілер мен блогерлерге ақпарат құралының мәртебесін жүктеп қойды. Бұл – дәстүрлі кәсіби журналистиканы тұншықтырып, тұқыртуға бағытталған қате қадам.
«Д»