Қадірменді Салтанат бауырым!
Мерейлі күніңнің қуанышымен шын жүректен құттықтаймын!
Оңтүстіктің алғыр ойлы, қайсар қызы өзінің елжанды, нағыз мемлекетшіл жан екендігімен танылып, абырой биігінде жүргенін мақтаныш етеміз.
Сіздің турашылдықты ту еткен қызметіңіз әріптестеріңіз бен жолыңызды қуған жастарға үлгі-өнеге болды. Туған жеріне, жауапты лауазымды қызметіне биік парасатпен қараған өңірдің құрметті қазақ қыздары саусақпен санарлық болса, соның бірегейі де, бірі болғаныңыз барша жұртшылыққа мәлім. Сіздің еліңізге сіңірген еселі еңбегінізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, өзіңізге зор денсаулық, отбасыңызға өмір қуанышының молынан болуына тілектпеспіз!
Құрметпен: О.Тәжиев, ҚР Құрметті журналисті,
«Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы.