Қайрат Нұртас: Айта берсін, айта беріңдер! (видео)

Жуырда әнші Қайрат Нұртас інісі Заңғармен бірге ағылшын тілінде жаңа ән шығарып, әні ел арасында қызу талқыға түскен болатын. Тіпті бұл әнге клип те түсіріп үлгерген. Алайда, әншінің тыңдармандары ағайындылардың ағылшын тілі нашар деңгейде екенін айтып, оларды аяусыз сөгіп жатса, енді бірі әнді өз тілінде айтып жүр, ағылшын тілінде мүдірмей айтуы міндетті емес деп пікір білдіріп жатты. Ал әнші өз кезегінде сыни пікір айтушыларға жауап жолдады.

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас ағасының жолып қуып, соңғы кездері әншілікке бет бұрып жүр. Ол өзінің instagram парақшасында «Жаңа «Махаббат вальсі» әні ақыры шықты-ау. Ал атты сынамаңыздар, әлі де көп дайындаламын» деп тыңдармандарынан сүйінші сұраған болатын.

Бұл жолы Айдарбековтер отбасында қатты сынға түскен ағалы-інілілердің «My Universe» атты әні мен су жаңа клипі болды.

Қайрат Нұртас өзін ағылшын тілінде ән орындағаны үшін сынап тастағандарға арнайы видео түсіріп жауап берді. Осылайша ол інісі екеуінің басқа тілде үлкен акцентпен ән айтқанын мазақ етіп, туындысын аяусыз сөгіп жатқандарға тойтарыс берген.

Аталмыш видео интернет кеңістігіне бірден тарап кетті.

Отандық әнші оған айтылып жатқан жағымсыз пікірлердің барлығы мүлдем әсер етпейтінін, керісінше өзі жайлы көп айтылатыны оған ұнайтынын жеткізді.

«My Universe». Әңгіме болып жатыр ма бүкіл жерде? Бола берсін, маған жақсы ғой. Айта берсін, айта берсін, айта беріңдер! Маған бұл қайта жақсы, рахаттанамын. «My Universe» , — деп айтты әнші.

Айта кетейік, қазір әнші Түрік еліндегі «Rixos Premium Belek» қонақүйінде отбасымен жазғы демалысын өткізуде. 

Фото және видео интернет желісінен. 

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.