Қайрат Нұртастың әкесі алғаш рет келінінің мінезі туралы айтты
Жуырда ғана Алматы төрінде Айдарбековтер әулеті келін түсіріп, ұлан асыр той жасады. Той иесі Нұртас Айдарбеков алғаш рет келінінің мінезі туралы айтты деп хабарлайды Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
АЯН НҰРТАС ЖҰБАЙЫМЕН. ФОТО: INSTAGRAM
«Келінім өте бір керемет, нәзік сондай. Менің Аянымның барған балабақшасы орысша, мектебі орысша болды. Соны ойлап жүретінмін өзім, осыған келген келін қалай болады екен деп. Жоқ, өте керемет, өте бір сондай аңғал, ешқандай бойында бір арамдық жоқ. Бүгін қаншама өздеріңіз куә болып жатырсыздар, халық келіп сыймай жатыр. Аллаға мың да бір шүкір, жора-жолдас, туған-туыс, ағайынның ортасында кішкентай да болса абыройымыз бар екен ғой деп жұбайым екеуміз қуанып жатырмыз»- деп ағынан жарылды ол.
Астаналықтармен құда болған Нұртас мырза келінінің «арғын» руынан екенін айтты.
ЗАҢҒАР ЖӘНЕ ҚАЙРАТ НҰРТАС. ФОТО: INSTAGRAM
Ал Аянның інісі Заңғар Нұртас жеңгесінің қолының шебер екенін айтып, жас келіннің дәмді тамақтары тіл үйіретінін жеткізді.
«Ерке бала» деп ат қойды маған. Үйде компот, түрлі- түрлі тәтті тағамдар дайындайды. Өзінің үйіндегі анасы үйреткен тағамдарды жасайды. Бізге ол өте ұнайды, біз үшін жаңа тағамдар өте қызықты, өте дәмді. Жеңгем екеуі бір-бірін қатты жақсы көреді, ағам екеуі 4-ші сыныптан бастап бір-бірін таниды. Бізге үйленемін деп айтқанда бәріміз түсінбей қалдық, сосын әкем өз келісімін берді»,- дейді ол.
Айдарбековтер әулетінің кенжесі келер жылы Гүлзира Айдарбековаға тағы бір келін сыйлайтынын айтты.
«Құдай қаласа ендігі жылы тамыз айында деп жоспарланып отыр»,- деді Заңғар.