Қайрат Нұртастың жары көптен жасырған төрт бірдей баласын көрсетті (фото, видео)
Қайрат Нұртас өзінің жұбайы түскен «Үміт үзбе» деп аталатын бейнеклипін жариялағалы бері оның әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова да желіде жеке парақша ашты, деп хабарлайды NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған, juldizdar.kz.
Ал отандық жұлдыздар болса елді қанша жыл жарының тасасында жүрген Жұлдыздың Instagram парақшасына жазылуға шақыруда.
Өзінің парақшасын жүргізуге алғаш рет «рұқсат алған» келіншек өз отбасының эксклюзивті кадрларын жария етті.
Парақшасында ол жылдар бойы жасырған балаларының, анасымен туыстарының суретін жариялады.
Сонымен бірге өсіп келе жатқан ұлының мектептегі видеосын да салды.