ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ЖАСТАРЫ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ
Жуырда Шымкент қаласындағы №86 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында Қайырымды қала жастары діни экстремизмге қарсы» атты кездесу болып өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат жəне дін істері басқармасы «Дін мəселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру тобының қызметкері К.Рысбеков қатысып, баяндама оқыды.
Кездесу барысында, мектеп оқушыларына «Ғаламтор шырмауына түскен тағдырлар» атты видео-ролик көрсетіліп, қазіргі таңда дін атын жамылып, дінді ақылмен емес, эмоциямен, яғни сезіммен сондай-ақ біржақты көзқараспен қабылдап, санасына сіңіріп, ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді жоққа шығару қоғамда Ислам дінін сүйсіндірудің орнына, жек көрінішті етіп, жирендіріп, қоғамды ішінен бөлу арқылы мұсылмандардың сенімдерін алдап-арбайтын түрлі әрекеттерге апарып отырғандығы айтылды. Сондай-ақ еліміздің көп дінді, көп ұлтты екендігін де ескерте келе басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қараудың, оларды бөліп-жармаудың маңызды екендігіне тоқталды. Елімізде рұқсат етілген, яғни ҚМДБ тарапынан мақұлданған діни әдебиеттер мен діни уағызшыларды тыңдау керек екендігін де айтқан К.Рысбеков кез-келген ғаламтордан келіп түсетін ақпараттарды ақылдың сүзгісінен өткізіп отырудың, діни мәліметтерге атүсті қарамай сергек болудың, сауатты болудың адасудан сақтайтынын айтып, өз ойын түйіндеді. Ақпарат алмасуда барынша отбасыдағы әкесімен, анасымен, не болмаса мектеп мұғалімдерімен кеңесудің жөн болатындығы да ашық айтылды.
Сондай-ақ таяуда Шымкент қаласы №0506 әскери бөлімінің қызметкерлерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің салдары» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтіп, оған қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы И.Айтаев қатысты.
Кездесуде мекеме қызметкері діни экстремизм, терроризм, радикализм белгілері мен салдарына тоқталып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын, Қылмыстық кодекстің экстремизм және терроризмге қатысты баптарын, 2018-2022 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы кеңінен түсіндіріп өтті. Оған қоса елімізде соттың шешімімен тыйым салынған кереғар діни ұйымдар мен қозғалыстардың белгілері талданып, кездесу соңында қойылған сұрақтарға да толыққанды жауап берді.
Ал Шымкент қаласында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі исламтанушы, ҚМДБ-ның насихаттау және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Х.Әділбеков Жол-көлік колледжінің студенттерімен «Діни таным және зайырлылық» тақырыбында кездесу өткізді.
Ал Шымкент қаласында орналасқан «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы ашылып, жұмыс жасап келеді.
Апталық курс барысында имамдарымызға қажетті дүниелердің барлығы түсіндіріліп, айтылып келеді. Жалпы Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы жетекшісі М.Естеміровтың айтуынша, үш аптада 75 мешіт қызметкерлері біліктілігін көтеріп, тәлім алды.
Сондай-ақ белгілі дінтанушы-ғалым, РАНТ мүшесі Ә.Дәуренбеков те таяуда Шымкент қаласына ресми іс-сапармен келіп, орталық мешітте болып, «Намаз – ұлық ғибадат» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Жұма намазы алдында Шымкент қаласының бас имамы дінтанушы-ғалымды жамағатқа таныстырып, діни басқармасының атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
Оған қоса Ә.Қайназарұлы қаладағы бірқатар жоғары оқу орындарындағы кездесулерге қатысып, жастарға жат ағымдар, олардың психологиялық әдіс-тәсілдері турасында лекция оқыды. Мегаполис жастарымен экстремизмнің алуға бағытталған іс-шаралар әлі де жалғасуда.
Ұ.Өскен.