ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің есепті кездесуі Абай ауданына қарасты 8 елді мекен тұрғындарымен өтті. Жиынға Қазығұрт, Арғымақ, Карл Маркс, Құрсай, Айкөл, Ақжар және Ақтас-1,2 шағын аудандарынан келген 250-ден аса тұрғын қатысты.

Жиынның барысы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфир жүргізілді. Басқосуда Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Сонымен қатар, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты

Қала әкімі өткен жылы әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді абаттандыру және инфрақұрылым тарту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, 2022 жылға арналған жоспарларды айтып өтті.

Ауданда 34 елді мекен бар, ондағы ең өзекті мәселенің бірі – инфрақұрылым. 2021 жылы 8 елді мекен ауыз сумен қамтылған. Биыл Құрсайдың жаңақұрылыс аумағы мен Арғымақ шағын ауданына су беріледі. 2022 жылы Арғымақ, Ақжар, Ақтас-1,2 шағын аудандары газбен қамтылса, Құрсайдың жаңа құрылысына 2023 жылы табиғи газ жүйесі тартылады.

Жыл басынан бері аудан тұрғындары тарапынан 374 мәселе көтерілген. Бүгінде оның 78-і шешілген, 249 мәселе жыл соңына дейін, 47-сі 2025 жылға дейін шешімін табады.

Кездесу сұрақ-жауап және пікір алмасу форматына жалғасты. Тұрғындар инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі пікірін ортаға салып, шешілу жолы талқыланды.

Шымкент қаласы әкімдікінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.