ҚАЛА КӨРКІ — ТАЗАЛЫҚ
Қыркүйек айының алғашқы сенбі күні шымкенттіктер қала аумағын тазалауға кірісті. Сүйікті қаламыздың экологиялық ахуалы мен тазалығына бейжай қарамайтын жанашыр азаматтар аталған шараға белсенді түрде қатысты. Атап айтар болсақ, Абай ауданы аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше бойындағы арықтар тазаланды. Бұл жұмысқа «Абай» КММ-інен — 120 адам, аудан әкімі аппаратынан 75 қызметкер және 500-ден астам тұрғын атсалысты. Қаланы көріктендіру жұмыстарына 14 арнайы техника да тартылды.