Д.Назарбаева, Сенат депутаты: Қалғаны кеденшілердің қалтасына түседі
Елімізде Қытайдан тауар әкеліп жатқандардың көбі баж салығын төлемейді. Артық шығыннан айналып өтудің жолын тапқан олар кеден қызметкерлерінің қолына ақша ұстататын көрінеді.
Қытаймен арадағы тауар айналымына келсек, 11 түрлі бұйым бойынша статистикалық мәлімет 50 пайызға төмендетілген. Мәселен, елімізге киім, жиһаз, төсек-орын жабдығы, ойыншық, көкөніс пен жеміс-жидектің 60-90 пайызы контрабандалық жолмен келіп жатыр.
Қазақстанда импорттық тауардың 10-45 пайызына ғана баж салығы салынады. Қалғаны кеденшілердің қалтасына түседі.
Контрабандалық тауарлардан және кеденшілердің жемқорлығынан мемлекетке қанша зиян келгенін жария етуді талап етемін. Себебі кеденнен заңсыз өткізіліп жатқан тауар мемлекетке үлкен шығын ғана емес, адамдардың денсаулығына да қауіп төндіреді.