Қалың ел қайтіп облыс әкімін іздеп шырылдамайды?

Бүгінде редакцияға Мақтаарал  жақтан кем дегенде  күніне 1-2, одан да көп «звонок» келетін болды. Оның  себебі, газетіміздің 22.07.2017 жылғы №27 санында  «Қорық Құдайдан, қайт райдан» (Балашағаны

нəпақадан айыру ма?) тақырыбымен жарияланған сыни материал  болып отыр. Мақалада ауданның Жылысу  ауылдық округінде  бір күнде дала диқандарына  каналмен су жеткізіп беретін екі бірдей ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, ел-жұртты əуре-сарсаңға салып қойғаны жазылып еді. Соның  бірі – «Береке -2050S» АШӨК-тің заңбұзушылықпен  құрылғаны нақты фактілер келтіріліп жазылған болатын.  Мұндағы заңбұзушылық қарапайым көзге көрініп тұрса  да, «бай-бақуаттының» санатына есептелініп, билікпен  байланысты күшейтуге мүмкіндігі жетерлік делінетін  «Береке -2050S» АШӨК жалған құжаттармен қолдан  құрушы С.Адамбековтың жосықсыз тірлігіне аудан басшылығы тарапынан тоқтам салынбай отырғаны  ешкімді бейжай қалдырмайтындығы анық. Жылысу  ауылдық округі əкімі А.Қасымбеков С.Адамбековтың  «Береке -2050S» АШӨК-ті құруына ешқандай «Ұсыныс  хат» бермеген. Бірақ, Жылысу ауыл округі  əкімінің  қолы қойылмаған жəне ауыл əкімдігінің бұрынғы ескі  мөрі басылған «Ұсыныс хатты» жасап алушылар бір ауданды шулатып отырғанына не дерсің?

Қазір су жеткізуге иелік етемін деп отырған  С.Адамбековтың тірлігіне қарасаң, жағаңды ұстайсың.  Айдың 16-күні ескі мөрдің қайшымен қиқаланып  жойылғанына Акт жасалынады. Ал айдын 19-күні  «Ұсыныс хатқа» басылып тұрады. Бұдан өткен  сорақылық болмайтын шығар. Жоқ. Одан да өткен  сорақылық- «Ұсыныс хатқа» ауыл əкімі А.Қасымбеков  қолын қоймаса да, «қол қойды» еткізеді. Қалай? Ауыл  əкімі тергеуде қол қоймағанына дəйекті дəлелдер  келтіргеніне қарамай, (тірі адамды жиып қойып авт.)  сот сараптамасы жалған қолды əкімнің қолы етіп  шығарады. Мұндай сұмдықтың Еуразия, Африка

сияқты құрылықтарда да орын алмағаны анық.   Осындай беталдылықтан кейін қарапайым қалың ел жалпақ жұртына шынайы жанашырлығын көрсетіп  жүрген облыс əкімі Ж.Түймебаевты іздемегенде кімді іздейді? Енді кімге сенеді? Осындай сұмдықтармен елді  күңірентіп жіберетін түріміз бар да. Өкініштісі сол ғой.

Ə.Мұратбеков

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.